Денсаулық жұлдызнамаса....
Жұлдызнама тек адам тағдырына ғана емес, оның денсаулығына да тікелей әсер етеді екен. Сондықтан, саламатты өмір салтын ұстанып, денсаулығыңызға мұқият көңіл бөлгеніңіз жөн.
Жұлдызнама бойынша ағзаңыздың әлсіз тұсын білесіз бе?
Тоқты
Басын сыртқы зақымнан (әсіресе, мұрыны мен қабағын) сақтағаны дұрыс. Сондай-ақ бас айналу, бас сақинасы, мұрын қанау, ұйқы бұзылу қаупі де бар. Жүйкесі тез жұқаруға бейім келеді. Сондықтан, сізге берер кеңесіміз: «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз». Спортпен жиірек шұғылданыңыз.
Торпақ
Негізгі ауру түрлері: толу (май басуға дейін), сусамыр, гепатит, бөртпе, аллергия, жөтел, бас ауруы, тұз байлану, жүйке аурулары, ми ауруы, тез шаршау, есалаңдық, күйзеліске түсу болып саналады. Әлсіз жері-тамақ. Сонымен қатар жүйке жүйесіне аса мән бергені дұрыс. Денсаулығын сақтау үшін тыныш орта мен дұрыс тамақтану қажет.
Егіздер
Егіздер арасында жиі кездесетін аурулар: астан және дәріден болатын аллергия, суық тию, ашушаңдық. Денесіндегі осал тұсы өкпесі екен. Тек өкпесі ғана емес, бауыр және тері күтіміне де мән беруі керек. Есіңізде болсын сізге ашығуға немесе емдәм ұстауға мүлдем болмайды. Бұл жүйке және эндокриндік жүйеңізге зиян келтіреді. Таза ауада әрі шуақты күндерде жиі серуендеңіз.
Шаян
Шаянның сырқатқа жиі бой алдыруына негізгі себеп – бұл күйзеліске тез түсу. Көңіл-күйінің жиі өзгеріп тұруына байланысты ас қорыту, асқазан жарасы кілтипаны жиі қинайды. Асқазанға мұқият болуы қажет. Халық еміне жүгініп, әсіресе, шөппен емделгеніңіз дұрыс. Ауруға жиі шалдығатын ағзалары: асқазан, бауыр, қуық, ас қорыту жүйесі. Емдәм, жылы бұлау (ванна), уақтылы ұйықтау, толыққанды демалу денсаулық кепілі екенін ұмытпаңыз.
Арыстан
Омыртқа және жүрек-тамыр аурулары жиі мазалайды. Емді табиғи заттардан, яғни шөптен жасалған шайдан, сарымсақтан, жемістерден іздеңіз. Көңіл-күйі бірден жүрегіне әсер ететін болғандықтан, қанайналым жүйесіне зақым келеді. Анемияға, лейкемияға, артритке, флебитке, баспаға (ангина), сары уайымға салынуға, көз торына қан құйылуға, секпілдікке, күн көзіне тез күюге ағзасы бейім келеді. Бастысы, бойыңыздағы қуат көзін дұрыс пайдаланып, көп темекі тарту мен ішімдіктен аулақ болыңыз.
Бикеш
Осал тұсы – ішек-қарын жолдары. Табиғатынан тазалыққа құмар болғандықтан, микробтардан үнемі қорқып жүру үрейі жиі туындайды. Ал, жалпы айтқанда, денсаулығы жаман емес. Тек уақыт кестесіне сай тамақтанып, сауықтыру емдәмі, жиі серуендеу, уақытылы ұйықтауды естен шығармаңыз. Сонымен бірге денсаулығыңыздың мықты екендігіне әрі өзіңізге ешқандай ауру жоламайтындығына сенімді болыңыз.
Таразы
Рухани әлемінің құлдырауы бүкіл ағзасына кері әсерін тигізеді. Сондықтан қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүргені дұрыс. Эндокриндік жүйесі нашар дамыған. Бүйрек пен кіші жамбас ағзалары осал. Арнайы таңдалған әуен мен иіс және түс арқылы емдеудің нәтижесі зор. Спортпен шұғылдану да артық етпейді. Ең бастысы, жан тыныштығын сақтай біліңіз.
Сарышаян
Ауру түрлері олардың өмір сүру салты мен психологиясына тікелей байланысты. Әлсіз тұстары: мұрын (жиі мұрын қанау), тамақ, жүрек, арқа, аяқтары. Тамыр кеңеюі дертіне де жиі шалдығады. Төсек қарым-қатынасы жалпы ағза жүйесіне жағымды әсер етеді. Қажет кезде өзіңізге демалыс жариялап, ағзаңызды сауықтыруға көңіл бөліңіз.
Мерген
Қандай жағдай болмасын, шектен шығып кетуге бейім. Тамақты көп жеу, жүйкеге көп салмақ салу көптеген ауру түрлеріне алып келеді. Көбінесе артық салмақ қосу, гипертония, инсульт және инфаркт алу қаупі бар. Ең әлсіз жері -бауыры. Дегенмен, ауруынан тез айығатын қасиеті де бар. Тек денсаулығына немқұрайды қарамай, дәрігер кеңесімен санаса білуі керек.
Тауешкі
Бала кезінде жиі ауырғанмен, есейген кезде қорғаныс қабілеті күшті болады. Денсаулыққа қатысты шешімді өздері ғана қабылдайды. Ең қызығы, емдеу тәсілдері тиімді шығады. Өздері арнайы таңдаған емдәм немесе жаттығу түрі денсаулығына жақсы әсер етеді. Осал тұстары: тізе, жамбас, қан айналым жүйесі, қалқанша без, сүйек, бұлшық еттер. Сізге сүйек сынудан, тізеге зақым келтіруден сақ болған дұрыс. Ағзасы суық тиюге, буын қабынуына, склерозға, бүйрек және жүрек талмасына бейім келеді. Арнайы таңдалған емдәм, шуақты күн мен таудың таза ауасы денсаулығына жағымды әсер етеді.
Суқұйғыш
Суқұйғыш қырсық емделуші. Оны бүгін емдеген тәсіл ертең тез жалықтырып жібереді. Тамыр жүйесі әлсіз дамыған. Аяғының көк тамыры жиі кеңейеді, ісінеді, сіңірі де тартыла береді. Екінші абай болатын жері – омыртқа. Дәрумендерді қабылдау, таза ауада серуендеу, жиі қозғалыста болу арқылы денсаулығыңызға күтім жасауға кеңес береміз.
Балықтар
Көбінесе ауруын басқаның сендіруінен немесе өзін сендіруден табады екен. Ісіну, ісік, қышыма аурулары, сарық, көз аурулары жиі мазалайды. Ағзасы тез ісінуге бейім келеді. Көк тамыр кеңеюі, ревматизм, ісік, суық тию оларда жиі кездеседі. Аурудың алдын алу мақсатында жылы да құрғақ ауада жиі болғаны дұрыс. Ылғалды климат денсаулығына мүлдем жақпайды. Аяқтарын құрғақ әрі жылы ұстағаны абзал.
#Товары_для_Казахстана #тауарлар #купить_в_казахстане #казахстан #казахские_товары #ойыншықтар #сағат